Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Сыртқы істер министрлігі Сербияда Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марқұмның әкесі Threads желісінде жазба жариялап, онда қызының Белградта тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап мерт болғанын хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қазақстанның Сербиядағы елшілігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Сыртқы істер министрлігі Сербияда қаза тапқан отандасымыздың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста болып, оларға жан-жақты консулдық-құқықтық қолдау көрсетіп жатыр. Мәселе ҚР СІМ бақылауында.
Бұған дейін СІМ АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза тапқанын растаған болатын. 24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатындағы Чикаго маңында, Форд-Хайтс елді мекенінде тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны сөндірулі болды. Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған, ал 10 маусымда полиция жас жігіттің көлігін тапты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу