Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қолданыстағы ережелерге енгізілетін бұл түзетулер халықаралық стандарттар мен цифрландыру талаптарына негізделген. Осылайша бұған дейін айлап күтетін қызмет енді санаулы апта ішінде көрсетілмек.
– Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтар үшін паспорт рәсімдеу мерзімін қысқартуға бағытталған өзгерістер жобасын дайындады. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Сонымен қатар ережелерді қолданыстағы заңнамаға, атап айтқанда «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заңға және Цифрлық кодекске сәйкес келтіру үшін редакциялық түзетулер енгізілуде, - делінген құжатта.
Айта кетейік, аталған жоба 6 сәуірге дейін Ашық НПА порталында талқылауда болады.
Бұған дейін төлқұжатты онлайн қайта шығару іске қосылатынын жазған едік.