Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Басылым келтірген дерекке сәйкес, Қытайдың Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясы бастаған бірқатар реттеуші-бақылаушы органдары соңғы уақытта кейбір технологиялық компанияларға нақты әрі арнайы рұқсат берілмеген жағдайда, АҚШ-тан инвестиция тартуға болмайтынын ескерткен.
Дереккөздердің айтуынша, IPO-ға дайындалып жатқан жасанды интеллект саласындағы қытайлық Moonshot компаниясы Даму және реформалар жөніндегі ұлттық комиссиясынан осы мәселеге байланысты нұсқау алған. Елдегі тағы бір AI стартап — StepFun компаниясына да осындай талап қойылған.
Сонымен қатар ел билігі ByteDance компаниясына да осындай шектеу енгізген. Атап айтқанда, TikTok-тың түпкі иесі саналатын ByteDance компаниясынан үкіметтің келісімінсіз америкалық инвесторларға бұрынғы акцияларды қайта сату мәмілесін жасауға жол бермеу талап етілген.
Сарапшылардың айтуынша, өткен жиырма неше жылда Қытайдағы технологиялық стартаптардың дамуына венчурлік капитал айтарлықтай қолдау көрсетті, ал оның елеулі бөлігі АҚШ-тан келген. Енгізіліп жатқан жаңа шектеу қытайлық технологиялық компаниялардың қаржы көздерінен оқшаулануын үдете түсуі мүмкін.
Басылымның жазуынша, өткен жылдың желтоқсан айында Meta компаниясының қытайлық AI стартабы -- Manus-ты сатып алатыны белгілі болғаннан кейін, ел билігі осы мәмілеге бақылауды күшейте түскен болатын.
Ақпарат көздерінің айтуынша, Бейжің енгізіп отырған бұл шектеулердің басты мақсаты — ұлттық қауіпсіздікке қатысты сезімтал салаларға бақылауды күшейтіп, АҚШ инвесторларының тиісті қытайлық компанияларда акциялық үлеске ие болуына жол бермеу.
Еске сала кетейік, Қытай ғалымдары Айдан әкелінген үлгілерден бұрын ғылымға белгісіз болған екі минералды анықтады.