Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
"Еліміздің қалған бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп болжанады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, республикамыздың басым бөлігінде тұман болады, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп болжанады.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш мегаполисі бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.