Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
"Қазгидромет" Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 22, 23 және 24 қазанда мегаполистерде ауа райы қандай болатыны - Tengrinews.kz материалында.
Болжамға сәйкес, Астана мен Алматыда ауа райы күрт өзгереді деп күтіледі: елордада жаңбыр аралас қар жауып, екпінді жел соғады, ал оңтүстік мегаполисте алғашқы қар жаууы ықтимал.
Астанадағы ауа райы22 қазанда күн бұлтты, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +4...+6 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -3...-5 градус суық, күндіз 0...+2 градус жылы.
24 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде -5...-7 градус суық, күндіз +2...+4 градус жылы.
Алматыдағы ауа райы22 қазанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +14...+16 градус жылы.
23 қазанда күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 0...+2 градус, күндіз +7...+9 градус жылы.
24 қазан күн бұлтты, кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, екпіні 13 метр. Ауа температурасы түнде 2...-4 градус үсік, күндіз +3...+5 градус жылы.
Қазақстанда -10 градусқа дейін аяз боладыБұған дейін синоптиктер жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкелген циклонның орнына Қазақстан аумағына суық антициклон жылжып келе жатқанын хабарлаған болатын. Күннің суытуы алдымен батыс өңірлерден басталып, содан кейін елдің қалған бөлігіне тарайды. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу