Синоптиктер Астанада жаңбыр жауып, Алматыда +35 градусқа дейін аптап ыстық болатынын ескертті

31.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалаларында 1-3 маусым аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" Астана мен Алматы қалаларында 1-3 маусым аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана

1 маусымда елордада көшпелі бұлт болады. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі ықтимал. Жел солтүстік-батыстан соғып, кейін солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 28-30 градус жылы болады.

2 маусымда да көшпелі бұлт болады. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17 градус, күндіз 27-29 градус жылы болады.

3 маусымда жауын-шашынсыз. Күн алабұлтты. Оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Түнде 13-15 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы 29-31 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы

1 маусымда қалада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +33…+35 градус болады.

2 маусымда да көшпелі бұлт болады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21…+23 градус, күндіз +30…+32 градус болады.

3 маусымда да көшпелі бұлт қала береді. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей кездері екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20…+22 градус, күндіз +28…+30 градус болады.

Тағы оқыңыз: Аптап ыстықта шөлді қалай басуға болады — дәрігерлер судың баламалары туралы айтты

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью