Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады

06.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қазгидромет» Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, 6 ақпанда Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жауын-шашын күтіледі, кей уақыттарда қалың қар жаууы мүмкін. Көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа қарай ауысады. 

Ақмола облысында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ақтөбе облысының шығысында түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–18 м/с болады. Ауа температурасы түнде 23-28 градус аязға дейін төмендейді.

Алматы облысының оңтүстігінде күндіз көп мөлшерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде солтүстікте, күндіз батыста, оңтүстікте және таулы аудандарда көктайғақ болады. Оңтүстікте және таулы жерлерде кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с болмақ.

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, таулы жерлерде кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстігі мен таулы аймақтарда жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы 1 градус аяздан 4 градус жылуға дейін, солтүстігі мен тауларда 6 градус аязға дейін төмендейді.

Жетісу облысында күндіз таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Батысында, солтүстігінде, орталығында және таулы жерлерде көктайғақ болады. Солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарда кей уақытта тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында шығыс желі соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан жоғары болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қарағанды облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ болады, облыстың батысында кей уақытта жауын-шашын түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде және шығысында жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін барады.

Ауа райына байланысты төрт өңірде көлік қозғалысы шектелді

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде қар, боран күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 20-25 градус аязға дейін, батысында 28 градус аязға дейін, күндіз 17-22 градус аязға дейін жетеді.

Қызылорда облысында түнде күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, күндіз орталығында, солтүстігінде және оңтүстігінде жауын-шашын болады. Көктайғақ, тұман, түнде боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан және батыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы күрт төмендеп, 2-7 градус аязға дейін, облыстың солтүстігінде 12 градус аязға дейін барады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде солтүстік-шығысында қатты аяз болып, температура 20 градусқа дейін төмендейді.

Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Боран, көктайғақ, тұман болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы күрт төмендеп, 18-23 градус аязға дейін, солтүстігінде 26 градус аязға дейін, күндіз 15-20 градус аязға дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстік-батысында жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігі мен таулы жерлерде екпіні 23-28 м/с, асуларда 30 м/с және одан жоғары болады. Оңтүстігі мен таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Тұман болады. Күндіз ауа температурасы 2-7 градус жылуға дейін төмендейді.

Ұлытау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 23-28 м/с-қа дейін болады.

Шымкент қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз ауа температурасы күрт төмендеп, 5-7 градусқа  дейін жылынады.

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью