Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– 8 сәуірде Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, Алматыда DJ-сет форматында өткен экоакцияда 20 тонна қоқыс жиналды.
Ал Ақмола облысында ауаны ластайтын көліктерге бақылау күшейтілді.
Сондай-ақ экологиялық талаптарды бұзғаны үшін Павлодарда 8 әкім айыппұл төледі.