Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Еліміздің аумағында жауын-шашын күтіледі: Алматы облысының таулы аймақтарында, Түркістан және Жамбыл облыстарында, Алматы қаласында, сондай-ақ Жетісу облысында қар болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидромет" РМК деректеріне сүйеніп.
Түркістан және Жамбыл облыстарында жаңбыр аралас қар мен көктайғақ (мұзды жаңбыр) күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде және Маңғыстау облысының батысында жаңбыр жауады.
Таңертең Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Алматы, Жетісу, Абай, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында тұман болжанады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.