Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Синоптиктер Қазақстандағы 18–20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер Қазақстандағы 18–20 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, 18-20 маусым аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жел күшейеді.
Мұндай ауа райына атмосфералық фронттардың өтуі мен биіктегі ойыстың ықпалы себеп болады.
Солтүстік, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарда кей жерлерде нөсер жауып, бұршақ түсуі және желдің күшеюі болжанады. Бұл ретте 19–20 маусымда Қазақстанның батысында аптап ыстық күтіледі - термометр бағаны +40…+43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Елдің басқа аумақтарында ауа температурасының айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.
Астанаға арналған ауа райы болжамы18 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
19 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
18 маусым: күн құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
19 маусым: күн құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу