Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
5-7 сәуір аралығында жауын-шашынның мол болуына байланысты Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында беткейлерден ағын сулар мен өзен деңгейі көтерілуі мүмкін. Қауіпті деңгейден асып кетсе, өзендердің жайылма аймақтарында орналасқан елді мекендерді, қосалқы ғимараттарды және жергілікті жолдарды су басу қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында тұрақты оң температураға (түнде 5°C дейін, күндіз 15-23°C дейін) және 5-6 сәуірде батыс, солтүстік және шығыста болжанатын жауын-шашынға (негізінен жаңбыр) байланысты 4-6 сәуір аралығында қар қарқынды еріп, өзен мұзы жарылуы мүмкін. Өзен арналарында мұз кептелістері, еріген сулар мен беткейлерде ағын сулар пайда болады. Сондай-ақ өзен деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл елді мекендерді, тұрғын үйлерді және қосалқы ғимараттарды су басуға, сондай-ақ жолдардың үсті арқылы су тасқынына әкелуі мүмкін.
Қостанай облысында 4-7 сәуір аралығында кейбір аудандарда (облыстың оңтүстік-батысында, батысында және солтүстік-батысында) нөсер жаңбыр жауады. Осы болжамға байланысты су деңгейінің көтерілуі, жер үсті ағынының қарқынды болуы және аулалар мен коммерциялық нысандарды су басу, жергілікті жолдардан асып кету және ойпат жерлерде судың жиналуы сияқты қауіпті гидрологиялық құбылыстар болжанып отыр.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында Қараөзендегі су деңгейі 7 метрге жуықтады.
СҚО-да Есіл өзенінің суы бір тәулікте 160 см көтерілді.
Үлбі өзенінде мұз жарылып, су тасқыны қаупі төмендетілді.