Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс өңірлерде шаңды дауыл болуы ықтимал.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Қостанай және Ақмола облыстарының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының батысында 1–2 градусқа дейін үсік жүреді.
Сонымен қатар бірқатар өңірлерде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Павлодар облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының орталығы, батысы және шығысында, Қарағанды облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының батысында, Қызылорда облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында, Жетісу облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Еске салайық, 1 мамырда Атырау тұрғындары қалада күйік иісі мен түтінге шағымданған болатын.