Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Болжамға сәйкес түнде үсік жүреді деп күтіледі:
Жетісу облысында сынап бағаны 4-9 градус суықты,Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде сынап бағаны 1-6 градус суықты көрсетеді."Алдағы тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгеріс бола қоймайды. Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын анықтайды, ал батыста, еліміздің солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында, шығысында тұман болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Сондай-ақ, Қазақстанның бірқатар өңірлерінде мынандай табиғи құбылыстар күтіледі:
жоғары өрт қаупі - Маңғыстау облысында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының орталығында, солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Алматы өңірінің батысында, Қостанай және Ақмола облыстарының оңтүстік-батысында, шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде.Айта кетсек, сәрсенбі, 15 қазандағы ауа райына антициклон мен атмосфералық фронттардың әсері болатыны ескертілген.