Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өтеді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.
"2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де сиреналар қосылады: Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі", - деп жазылған хабарламада.
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізіліп жатыр: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.
Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.
Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.
"Сейсможаттығу басталғанға дейін дабыл сөмкесін дайындап, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа бағытты анықтап алыңыз. Қауіпсіз орын – электр желілерінен, ағаштар мен ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң екенін еске саламыз", - деп ескертті министрлікте.
Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады.