Сирия билігі Алеппоға әскер кіргізді

09.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Әлем қақтығыстан көз ашпай тұр. Сирияның өтпелі билігі Алеппо қаласына әскер кіргізді. Қазір шаһарда қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр. 

Қаланың бірқатар ауданында комменданттық сағат енгізілді. Түркия Сирия билігіне көмекке әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Күрдтердің «Сирияның демократиялық күштері» қозғалысы Сирия билігінің күрд жасақтарына қарсы әскери операциясын қатаң айыптады. Мұны «Алеппоның солтүстігіндегі халықтың демографиялық құрамын өзгертуге бағытталған қадамға» теңеді. Кейінгі дерек бойынша, атыс-шабыстан 12 адам қаза тапқан. Тағы 64-і жарақат алған. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. 10 мыңнан аса тұрғын үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды. Бірер күн бұрын Сирия билігі күрд жасақтарын бейбіт келісімді бұзды деп айыптаған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью