Сирияның уақытша президенті Ахмед аш Шараа Мәскеуге келді

16.10.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа алғаш рет Ресейге келеді және Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сириялық Al Hadath телеарнасының деректеріне сәйкес, халықаралық мәселелер талқыланатын болады. Сондай-ақ, телеарна мәліметіне қарағанда, аш-Шараа Ресейге ресми түрде бұрынғы Сирия президенті Башар Асадты сириялықтарға қарсы қылмыстар үшін сотқа тарту мақсатында беруді сұрайтыны жоспарланған.

Reuters агенттігі де күн тәртібінде Тартусдағы Ресейдің теңіз базасы мен Хмеймимдегі әуе базасының болашағы мәселесі тұрғанын хабарлаған.

Дмитрий Песков сәрсенбі күні әскери базалардың болашағын талқылау ниеті расталғанын мәлімдеді.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью