Сіз бүкіл Венгрияға сес көрсеттіңіз : Орбан Украина басшысына жауап берді

07.03.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 7 наурыз – Sputnik. Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Украина президентіне жауап берді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін Зеленский Еуропалық одақтың Украинаға арналған кредитін Венгрия бұғаттап тастағаннан кейін Орбанға сес көрсетті. Украина қарулы күштерінің сарбаздарымен "кездесу" ұйымдастыра аламын деп қорқытты.

Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан Зеленскийдің осы сөзіне әлеуметтік желіде жауап берді.

"Сіз мені солдаттармен қорқыттыңыз, мен арқылы бүкіл Венгрияға сес көрсеттіңіз. Одан ештеңе шықпайды. Бұны тоқтатыңыз. Венгрлерге шантаж жасауға болмайды", — деді Орбан өз парақшасындағы видеода.

Сондай-ақ, Мажарстан премьер-министрі Украина басшысын "Достық" мұнай құбыры арқылы Ресейден келетін шикізаттың транзитін қалпына келтіруге шақырды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью