Сіздің еліңізге тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы ұшып келдім Кипр президенті

03.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Қазақстан және Кипр президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.

"Сіздің еліңізге Кипрден тікелей қатынайтын алғашқы рейс арқылы іскерлік делегация өкілдерімен бірге ұшып келгеніме өте қуаныштымын. Елдеріміздің әлеуеті мол", - деді Никос Христодулидис

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Қазақстанға алғаш рет 2019 жылы сыртқы істер министрі лауазымын атқарып жүрген кезінде келгенін еске салды.

"Сіз Қазақстанға келіп, Еуропалық одақта еліміздің сенімді досы әрі қолдаушысы болуға дайын екеніңізді мәлімдеген едіңіз. Бүгінде біз айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік деп сеніммен айтуға болады", - деді Тоқаев.

Қазақстан президенті екі ел арасында тікелей әуе рейсі іске қосылды, басқа да бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылғанын атап өтті.

"Дегенмен екіжақты ықпалдастықты кеңейту үшін әлеуетіміз жеткілікті деп ойлаймын. Өз тарапымнан көптеген бағытта ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға күш салуға дайынмын", – деп толықтырды президент.

Кипр президенті 2026 жылдың 2-4 маусымы аралығында Қазақстанда ресми сапармен болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью