Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Демалысқа шықпас бұрын төлқұжаттың жарамдылық мерзімін ғана емес, оның күйін де тексеру маңызды. Тіпті кішігірім зақымның өзі ұшаққа отырғызудан бас тартуға немесе шекарада мәселелердің туындауына себеп болуы мүмкін. Ұшу алдында неге назар аудару керектігін сарапшылар айтып берді, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Express Daily-ге сілтеме жасап.
Демалысқа шықпас бұрын төлқұжаттың жарамдылық мерзімін ғана емес, оның күйін де тексеру маңызды. Тіпті кішігірім зақымның өзі ұшаққа отырғызудан бас тартуға немесе шекарада мәселелердің туындауына себеп болуы мүмкін. Ұшу алдында неге назар аудару керектігін сарапшылар айтып берді, деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі Express Daily-ге сілтеме жасап.
Көптеген саяхатшы төлқұжаттың мерзімі өтпесе, әуежайда ешқандай қиындық болмайды деп сенеді. Бірақ іс жүзінде әуекомпаниялар мен шекара қызметтері құжаттың аяқталу күнін ғана емес, оның физикалық жай-күйін де бағалайды.
Бір қарағанда елеусіз көрінетін ақау - су ізі, жыртылған жерлер немесе өшіп қалған деректер - сапардың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Су тиюСақтандыру жөніндегі сарапшы Иэн Уилсонның айтуынша, егер төлқұжат су болып қалса, бұл оны мұқият тексеруге негіз болады.
Беттерінің сәл иректелуі немесе бұрыштарының қайырылуы әдетте аса күрделі жағдай болып саналмайды. Бірақ қағазда дақ пайда болып, мәтін бұлдырап, мөр немесе қолтаңба түсініксіз болып қалса, құжат зақымдалған деп танылуы мүмкін.
Әсіресе дербес деректер мен фотосурет бар бет өте мұқият тексеріледі. Егер онда су ізі, қорғаныс қабатының ажырауы немесе деформация белгілері байқалса, жолаушы тіркеу бағанында-ақ рейске жіберілмеуі мүмкін.
ЗақымдануУилсонның сөзінше, жыртылған немесе жұлынған беттер - бас тартудың ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Мына бөліктердің зақымдануы өте қауіпті:
фотосурет бар бет; дербес деректер; визалар; шекаралық мөрлер; машинамен оқылатын аймақ.Тіпті негізгі беттегі кішкентай жыртық та құжатты қолдан жасау немесе оған заңсыз өзгеріс енгізу әрекеті деген күдік тудыруы мүмкін.
Өшіп қалған фото мен деректерСарапшылардың айтуынша, егер төлқұжаттағы кез келген ақпаратты оқу қиын болса, құжат жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Бұл жерде тек айқын зақымдар туралы ғана емес, сонымен қатар табиғи тозу туралы да сөз болып отыр.
10 жылдың ішінде фотосурет, қолтаңба, құжат нөмірі немесе беттегі мәтін оңып кетуі мүмкін.
Егер әуекомпания қызметкері немесе шекарашы иесінің жеке басын тез әрі нақты сәйкестендіре алмаса, олар сізді өткізбеуге құқылы.
Зақымдалған мұқабаКөбісі мұқабаның күйіне жеңіл қарайды, алайда бұл да бас тартуға себеп болуы мүмкін. Төлқұжатты ауыстыру туралы мына жағдайларда ойлану керек:
қатты ластану; тесілген жерлер; жыртық; түптемесінің сөгілуі; мұқабасының жұлынуы.Егер мұқабасы сөгіліп, беттері босап кетсе, мұндай төлқұжат әдетте ауыстырылуы тиіс.
Не істеуге болмайды?Егер төлқұжат зақымдалса, оны өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Скотч, желім, степлер, жіп және кез келген басқа жөндеу жұмыстары жағдайды тек қиындата түседі.
Бақылау қызметтері үшін бұл құжатқа араласу болып көрінуі мүмкін. Тіпті зақым аз болса да, мұндай жөндеуден кейін төлқұжат көбінесе бүлінген деп танылады.
Сапар алдында не істеу керек?Ұшу алдында мыналарды тексерген жөн:
фотосурет бар беттің бүтіндігі; деректердің бұлдырамауы; барлық беттің орнында болуы; судың ізі болмауы; түптемесінің ажырамауы.Азғантай күмән болса да, құжатты алдын ала ауыстырған дұрыс.
Сарапшылардың айтуынша, жаңа төлқұжат рәсімдеу билет, қонақүй броны мен демалыстан айырылғаннан әлдеқайда арзанға түседі.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться