Словакия премьеріне оқ атқан адамға үкім шықты

21.10.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Словакияда премьер-министр Роберт Фицоға қастандық жасау ісі бойынша үкім шығарылды. 72 жастағы Юрай Цинтула 21 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үкімді Банска-Быстрица қаласындағы Арнайы қылмыстық істер соты шығарды.

Сот Цинтуланың әрекетін террористік акт деп таныды.

«Сот 21 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдайды», — деді судья Игор Кралик.

Айыпталушының қорғаушылары бұл шабуыл тек премьер Фицоға бағытталғанын, сондықтан оны терроризм деп бағалауға болмайтынын дәлелдеуге тырысты.

Еске салсақ, өткен жылдың мамыр айында Словакия премьері Роберт Фицоға үкімет отырысы өткен жерде оқ атылған болатын. Саясаткер халық алдына шыққан сәтте жараланды.

Кейін есін жиған Фицо бейнеүндеу жариялап, саяси қарсыластарын өшпенділікті өршітіп, осындай оқиғаға жол ашты деп айыптады.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью