Смадияров президенттің 7 трлн теңге аударылғаны туралы сөзін түсіндірді

20.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 20 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қазақстан банктерінің бірі арқылы 7 трлн теңге аударылғаны туралы президенттің сөзін түсіндірді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалған ақпарат таратпайды. Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар (қаражат аудару) болғанын айтса, демек, солай болған. Негізі бұл ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңеске қатысушыларға арналған болатын. Мұны жалпы жұртшылықтың талқылауына салу ойында болмаған. Яғни, тек қызметтік сипатта айтылды деген дұрыс. Ал транзакцияларды өткізген банк әңгіменің қай банк жайында екенін біліп отыр", - дейді Смадияров.

Ол президент саяси мақсат пен дипломатиялық протокол талаптарын ескере отырып, транзакциялық қаражаттың қай елден шыққанын, оның қандай мемлекетке кеткенін, сондай-ақ санкциялық режим белең алып тұрған жағдайда осындай әрекетке барған қай банк екенін де әдейі айтпағанын атап өтті.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы банкьердің бірі елден 7 трлн теңге аударғанын мәлімдеген еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью