Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Әскерге шақыру науқанының қызған шағында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Астанада шақырылушыларды іріктеу жұмысының қалай ұйымдастырылатынын және болашақ әскери қызметшілерге қандай жағдай жасалғанын тексерді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: gov.kz
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Астананың жинау пунктінде басты назар цифрлық шешімдерге аударылған. «Smart-военкомат» және «e-Медосмотр» жобалары рәсімдерді жылдамдатуға, адам факторын азайтуға және шақыру процесін барынша ашық етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Қорғаныс істері жөніндегі департаменті, әкімдік және ардагерлік ұйымдардың өкілдерімен бірге әскерді жасақтау және барлық қатысушы құрылымдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Жиында әскерге шақырылушыларға ерекше назар аударылды. Ашық әңгіме барысында генерал-майор Асқар Мұстабеков олардың көңіл күйі, тұрғылықты жайы және қызметке дайындықтары туралы сұрады. Жастарға «Срочник 2.0» бағдарламасының артықшылықтары мен бұл бағдарлама қызметтен кейін елдің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретіні айтылды.
«Тоғызыншы сыныптан кейін әскери колледжге түскім келді, бірақ мүмкіндік болмады. Университетті бітірген соң әскерге баруға, міндетті қызметті өтеуге нақты шешім қабылдадым. Қазір медициналық тексеруден өтіп, МКҚ қатарына құжат жинап жүрмін», деді әскерге шақырылушы Альтаир Сәкен.
Қорғаныс министрінің орынбасары орналастыру жағдайына, тамақтандырудың ұйымдастырылуына және медициналық комиссия жұмысына баға берді. Тексерістердің сапасы мен кабинеттердің жабдықталуына жіті назар аударылды.
«Астананың жинау пунктіндегі барлық процестер қажетті деңгейде ұйымдастырылған, мұнда ашықтық пен шақыру науқанының тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдер қолданылады. Шақырылушылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған», деді ол.
Мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерімен кездесуде генерал-майор Асқар Мұстабеков шақырылушыларға моральдық қолдау көрсетудің рөлін ерекше атап өтті. Ол ардагерлердің қатысуы мен күштік құрылымдармен өзара іс-әрекет жастарға қызметтің бастапқы кезеңінен сенімді өтуге және оның маңызын түсінуге көмектесетінін айтты.
Соңғы жаңалықтар
Алматы мен Түркістанда жаңа әскери нысандар салынып жатыр
Әскер • Бүгін, 11:18
25 жыл жөндеу көрмейтін жол: Аягөздік оқушы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды
Қоғам • Бүгін, 11:08
Азия чемпионаты: Екі боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
Бокс • Бүгін, 10:53
10 млрд теңгеден астам шығын: Қаржы пирамидасын басқарған күдікті елге экстрадицияланды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Ресейдегі жаппай төбелестен кейін Қазақстан азаматтары қамауға алынды
Қазақстан • Бүгін, 10:17
Батыс Қазақстан облысында полицияға бағынбаған бір топ азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:03
Атырауда такси жүргізушісі жолаушыға пышақ ала жүгірді
Оқиға • Бүгін, 09:58
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:47
Президент Бауыржан Артықовты қызметінен босатты
Әскер • Бүгін, 09:35
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екінші медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Найзағай, тұман және су тасқыны: Ертең елімізде қауіпті ауа райы күтіледі
Ауа райы • Кеше
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жасында өмірден өтті
Оқиға • Кеше
Астананың бірқатар көшесінде газ беру уақытша тоқтатылады
Елорда • Кеше
Еуропа кубогы: Қазақстан дзюдодан алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше