Снуп Догг Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты құттықтады

18.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми Instagram парақшасында жарияланған видеода, танымал рэпер мен Михаил Шайдоров Милан қаласындағы Piazza del Duomo орталық алаңында кездескені белгілі болды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Снуп Догг қазақстандық Олимпиада чемпионын жеңісімен құттықтап, бірге фотоға түсті.

Айта кетейік, Снуп Догг NBC Universal арнасының XXV қысқы Олимпиада ойындарының арнайы комментаторы ретінде қызмет етеді. Сонымен қатар, рэпер Милан қаласында Олимпиада алауы эстафетасына қатысты.

Фото: olympics.com

Америкалық рэпер керлингтен АҚШ және Канада арасындағы жарысқа арнайы қонақ болып барып, мұз айдынында спортшылармен бірге Олимпиада ойынына қатысты.

Фото: olympics.com

Сондай-ақ, Снуп Догг басқа да жарыстарға барып АҚШ құрамасына қолдау көрсетіп, қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттап жүр.

Еске салайық, Михаил Шайдоров 14 ақпан күні ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында топ жарып, ел қоржынына араға 32 жыл салып қысқы Олимпиада ойындарының кезекті алтын жүлдесін сыйлады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью