СОБР басшылығы қол астындағылар түскен даулы видеодан кейін жазаланды

10.05.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Полиция Жедел әрекет ету арнайы жасағының басшылығына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады. Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған даулы видео тексеріске себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Полиция Жедел әрекет ету арнайы жасағының басшылығына қатысты қызметтік тексеріс нәтижесін жариялады. Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған даулы видео тексеріске себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Видеода бөлімше басшылығы бейәдеп сөз айтып, қарамағындағыларды сөгіп жатқаны көрінеді. Сонымен қатар, оларға күш қолданылған.

Жедел әрекет ету арнайы жасағының басшысы екі қызметкеріне тіл тигізіп, дөрекі балағат сөздер айтқан. Кейін ол олардың біріне алдымен шапалақ беріп, кейін затпен соққы жасаған.

Осы кезде тағы бір адам ішке ешкім кірмесін деп есікті ұстап тұрған. Ішкі істер министріне жолданған видеоға қатысты мәлімдемеде оқиғаға қатысы болуы мүмкін адамдардың аты аталған. Олардың арасында Атырау облысы полиция департаменті Жедел әрекет ету арнайы жасағының командирі мен рота командирлері бар.

Полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасының бастығы Нұржан Шәденовтің хабарлауынша, қызметтік тексеріс барысында қызметтік әдепті бұзу деректері анықталған.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Нәтижесінде тәртіптік комиссияның шешімімен роталардың бірінің командирі ішкі істер органдарынан шығарылды. Ал жасақ командирі мен тағы бір рота командиріне қызметіне толық сәйкес емесі туралы ескерту берілді.

Басылымның жазуынша, бұл Атырау облысындағы Жедел әрекет ету арнайы жасағына қатысты алғашқы дау емес. Екі жыл бұрын қызметкерлер басшылық тарапынан жүйелі түрде ақша жиналатынын және әділетсіз қарым-қатынас барын аноним түрде мәлімдеген еді.

Сол кезде жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша бұл айыптаулар ресми түрде расталмаған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью