София Шульженко Әлем және Азия рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды

10.02.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

София Шульженко әйелдер арасында өткен жекелей сайыста 50 метрге үш қалыпта ату бағдарламасында топ жарды.

Үндістандық Дахия Аакрити жарыста екінші орын алса, оның отандасы Моудгил Анджум жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сонымен қатар әйелдер құрамасы дәл осы бағдарлама бойынша командалық сайысқа қатысты. Нәтижесінде отандастарымыз бірінші орынды иеленді. Үндістан құрамасы екінші орын алса, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью