Софья Актаева семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды

03.01.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.

Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.

Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью