Софья Самоделкина Канададағы Гран при кезеңінде өнер көрсетеді

14.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Жарыс 30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында өтеді.

Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда бақ сынайды. Бұл бағдарламада барлығы 12 спортшы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшы Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью