Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында қысқа бағдарламада тоғызыншы орын алды

22.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

ҚР ҰОК мәліметінше, өз өнері үшін қазақстандық спортшы 62,29 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық есепте тоғызыншы орын алуға мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи 73,83 ұпаймен бірінші орынға шықты. 71,41 ұпайға ие болған тағы бір жапониялық спортшы Юна Аоки екінші орынға жайғасты. Ал Моне Чиба (Жапония) 68,09 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық Амира Ирматова 42,40 ұпаймен 21-орында келеді.

Еркін бағдарлама 25 қаңтарда өтеді.

Айта кетейік, хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатында үшінші ойынын өткізеді.

«Барыс» бүгін Ресейде ЦСКА командасымен кездеседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью