Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды : Роза Рымбаева тойда неге ән айтпайтынын айтты (видео)

25.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева тойларға жиі шықпайтынын журналист Қанат Тілеуханға берген сұхбатында айтты.

«Тойға шығатын әншілердің мақсаты — халықты билетіп, көңіл көтеру. Ал менің әндерім мен мақсатым басқа. Мен үшін ең маңыздысы — тойдың қуыршағы болмай, нағыз әнші болу. Қазақ тыңдарманының музыкалық талғамын көтеру үшін еңбек етемін. Сол себепті мені тойға жиі шақырмайды. Бірақ мен оған ешқашан өкпелемеймін. Көбіне концерттік сахнада жүремін», — деді Роза Рымбаева.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью