Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

19.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Павлодар облысы Екібастұз қаласының Солнечный кентінде өрт сөндіру бекетін салтанатты түрде ашты. Іс-шараға облыс әкімі Асайын Байханов, ТЖД бастығы Рустамбек Амрин, ардагерлер мен тұрғындар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ТЖМ

Шыңғыс Әрінов өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту ведомствоның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша жаңа бөлімшелерді салу және қолданыстағы бөлімдерді жаңғырту заманауи сын-қатерлерге сай тиімді әрекет ету жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлімше заманауи стандарттарға сай және қызмет атқаруға қажетті барлық жағдаймен жарақталған. Ғимаратта кәсіби даярлыққа арналған оқу сыныптары, демалуға қолайлы үй-жайлар мен тұрмыстық аймақтар қарастырылған. Жеке құрам денесін даярлықта ұстауы үшін құтқарушылардың дағдылары мен төзімділігін үнемі жетілдіруге мүмкіндік беретін заманауи «Batyr team» спорт залы жабдықталған.

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Іс-шара аясында 22 өрт сөндіру бекеті құтқарушыларына жаңа өрт сөндіру және құтқару техникасының кілттері табысталды. Бұл өрт сөндіру автоцистерналары мен жедел-құтқару автокөліктері. Құрылған жаңа бөлімше Солнечный кенті мен оған жақын орналасқан 11 ауылдық округтің, жалпы саны 9 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің өрт қауіпсіздігін сенімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Нұра ауданында өрт сөндіру бекеті ашылды


Сонымен қатар өрт сөндіру бекеті өңірдегі стратегиялық маңызды энергетикалық нысандардың бірі Екібастұз 2-мемлекеттік аудандық электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл нысан елдің энергиямен қамтамасыз етілуінде маңызды рөл атқарады. Іс-шара барысында азаматтық қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құтқарушылар және азаматтар ТЖМ мен облыс әкімінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты

Спорт • Бүгін, 10:52

Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды

Әлем • Бүгін, 10:03

19 сәуірге арналған валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 09:35

Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді

Ауа райы • Бүгін, 09:19

Мақатаев ақ жол тілеген ақын

Тұлға • Кеше

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Кеше

Жасөспірімдер арасындағы бала туу деңгейі неге жоғары?

Қоғам • Кеше

Иран Ормұз бұғазын қайта жапты

Әлем • Кеше

Министрлік «Қыз Жібек» фильмінің реквизиттеріне қатысты мәлімдеме жасады

Оқиға • Кеше

Жемқорлықпен күрес: Алты жылда 1 000-нан астам шенеунік сотты болды

Қоғам • Кеше

Дзюдодан Азия чемпионаты: Қазақстан қоржыны бесінші медальмен толықты

Спорт • Кеше

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

Әлем • Кеше

Жетібайдағы балабақшада шу шықты: Директордың ұлы тәрбиеленушілерді кеңсе пышағымен қорқытқан ба?

Аймақтар • Кеше

Жануарлар туралы заңға енгізілген түзетулер: деректер, цифрлар және өзгерістердің себептері

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью