Солтүстік Аралды сақтау жобасына Қазақстан қанша қаражат бөлді

24.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Вице-министрдің айтуынша, 2023 жылдан бері Солтүстік Аралды сақтау жұмыстарына бюджеттен шамамен 4 миллиард теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта Солтүстік Арал теңізінің көлемі 23 текше шақырым. Көрсеткіштер «Қазгидромет» РМК гидробекеттерінің күнделікті мониторингі арқылы жасалады.

Қазір Су ресурстары министрлігі Солтүстік Арал теңізін сақтау жобасының екінші кезеңі бойынша жұмыстарды бастады.

— Қазір техникалық-экономикалық негіздеме сараптамадан өтіп жатыр, тіпті аяқталуға жақын. Қаржыландыру бойынша халықаралық қаржы ұйымдарымен, соның ішінде Дүниежүзілік банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Жақын уақытта қаржыландыру көлемі айқындалады, — деді Нұрлан Алдамжаров Үкіметтегі брифингте.

Сонымен бірге, қолданыстағы жобаларды да іске асыру жалғасады. Атап айтқанда, Көкарал бөгетінің апатты учаскелері қалпына келтірілмек. Жобаны биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Бұған дейін Үкімет Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңіне де қаржы сырттан тартылатынын айтқан еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью