Солтүстік биылғы орақта да рекордтық көрсеткішке жетеді

14.10.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл да рекордтық астық жинағалы отыр. Кейбір шаруашылықтар гектарынан алпыс центнерден өнім алуда деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров келіп, аграрийлермен өткізген кеңесте айтылды. Орақ науқаны толығымен аяқталуға санаулы күндер қалды.

Сонымен бірге кеңесте өткен сегіз айдың қорытындысына қарағанда Солтүстік Қазақстанда ауылшаруашылығы өнімдері 255,7 млрд теңгеге жетіп, жалпы өнім индексі 109,3 пайызға орындалғаны белгілі болды. «Соңғы жылдары егістік алаңын әртараптандыру ұлғайып келеді. Биыл майлы дақылдар бір миллион гектарға отырғызылды, орақ қорытындысында одан бір млн тонна өнім алатын шығармыз деген үмітіміз бар», деді өзінің сөзінде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью