Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

04.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Солтүстік Кипрдегі супермаркеттердің бірінде 22 жастағы қазақстандық бойжеткен ауыр жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Белгілі болғандай, 2026 жылғы 3 тамызда ер адам бойжеткенге шабуыл жасап, пышақ сұққан. Артынан өзіне де жарақат салған. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді.

"Қазір қазақстандық дипломаттар оқиғаның мән-жайын анықтап, жергілікті құзырлы органдармен байланыс орнатып отыр. Ресми мәліметтер түскен сайын қосымша ақпарат беріледі", – деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұл мәселе министрліктің бақылауында екені айтылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью