Солтүстік Корея қанатты зымырандарды сынақтан өткізді

30.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Солтүстік Корея Батыс теңіз акваториясында алыс қашықтыққа арналған стратегиялық қанатты зымырандарды ұшыру бойынша әскери оқу-жаттығу өткізді. Оны ел төрағасының өзі жеке басқарды, деп жазады Egemen.kz.

Ресми мәліметке сүйенсек, оқу-жаттығу зымыранмен қаруланған бөлімдердің қаншалықты дайын екенін тексеру үшін өткізілген. 

Ұшырылған қанатты зымырандар алдын ала белгіленген бағытпен ұшып, көзделген нысанаға дәл тиген. Жаттығу қорытындысын шығарған Ким Чен Ын әскердің жауынгерлік дайындығы мен қару жүйелерінің сенімділігі іс жүзінде дәлелденгенін айтты. Оның пікірінше, бұл сынақтар ел қауіпсіздігіне төнуі мүмкін түрлі қауіп-қатер жағдайында армияның әрекет етуге толық дайын екенін көрсетеді.

Мемлекеттік агенттік хабарлағандай, бұл оқу-жаттығу Солтүстік Кореяның әскери әлеуетін сақтауға және қарулы күштердің дайындық деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың бір бөлігі ретінде өткен.

Бұған дейін Ким Чен Ын алғашқы атомдық сүңгуір қайықтарын таныстырған еді. Ал одан ілгерірек те Солтүстік Кореяның ядролық қарудан неге бас тартпай отырғанын таразылап едік.

Соңғы жаңалықтар

Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды

Парламент • Бүгін, 12:55

АҚШ-та бизнестің 39%-ы әйелдерге тиесілі

Бизнес • Бүгін, 12:50

Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Аймақтар • Бүгін, 12:39

Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды

Қоғам • Бүгін, 12:24

Елден кіндігін үзбеген…

Қоғам • Бүгін, 12:12

31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?

Елорда • Бүгін, 12:00

КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты

Экономика • Бүгін, 11:50

Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?

Спорт • Бүгін, 11:38

Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30

Солтүстік Корея қанатты зымырандарды сынақтан өткізді

Әлем • Бүгін, 11:25

Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ел намысын кімдер қорғайды?

Спорт • Бүгін, 11:15

Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі

Аймақтар • Бүгін, 11:00

Биыл Президент Әкімшілігі 82,5 мың өтінішті қараған

Саясат • Бүгін, 10:50

«Салық амнистиясы»: кімдердің айыппұлы кешіріледі?

Экономика • Бүгін, 10:40

Мемлекет басшысы жыл басынан бері 95 заң мен 388 жарлыққа қол қойды

Президент • Бүгін, 10:30

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью