Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтарының мәліметінше, Пхеньян билігі астанаға жақын орналасқан Сунан аймағынан 10 шақты баллистикалық зымыран ұшырған.
Хабарламада ықтимал қосымша ұшыруларға байланысты күшейтілген дайындық жағдайы жарияланғаны және оқиға туралы ақпарат АҚШ пен Жапонияға жіберілгені атап өтілді.
Бұл ретте жапондық Kyodo ақпараттық агенттігі Жапонияның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап, зымырандардың елдің ұлттық ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлағанын хабарлады.
Сондай-ақ Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи мемлекеттік органдарға оқиға туралы қосымша ақпарат жинауды және ұшақтар мен кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырғаны атап өтілді.
Арнайы Kazinform агенттігіне серіктесіміз Anadolu агенттігі ұсынған.
Бұған дейін Солтүстік Корея екі баллистикалық зымыран ұшырған, бұл туралы Жапония үкіметі мәлімдеме жасағанын жазғанбыз.