Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Солтүстік Қазақстан облысында алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары аяқталды. Сергеев және Петропавл гидротораптарында жоспарланған жөндеу жұмыстары толық орындалып, нысандар күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
«Қазсушардың» Солтүстік Қазақстан облысындағы филиалы жүргізген жұмыстар аясында екі гидроторапта да жағалауды бекіту шаралары атқарылды. Биылғы жоспарға сәйкес, аталған нысандарда 7 іс-шараны жүзеге асыру көзделген, олардың барлығы орындалған.
Екі гидроторапта СҚО Төтенше жағдайлар департаменті хабарландыру жүйесімен ықпалдастырылған жергілікті ескерту жүйелерімен жабдықталған. Бұл төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Сергеев гидроторабы Есіл өзені ағынын реттейтін негізгі нысан саналады және Петропавл гидроторабымен каскадты жүйеде жұмыс істейді. Аталған екі нысан Солтүстік Қазақстан облысын, сондай-ақ ішінара Қостанай облысы мен Ақмола облысы аумақтарын сумен қамтамасыз ететін біртұтас су шаруашылығы кешенін құрайды.
Филиал директоры Ержан Күсімбаевтың айтуынша, дайындық шаралары кешенді түрде жүргізілген.
«Авариялық кезекші бригадалар құрылды, мамандар қажетті жабдықтармен және құрал-саймандармен қамтамасыз етілді. Учаскелердегі қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Су қоймаларының толу деңгейін тәулік бойы бақылау және су тасқыны жағдайы туралы ақпаратты мүдделі мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Ресей Федерациясындағы әріптестерге жеткізу үшін жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды»,
Мамандардың мәліметінше, қабылданған шаралар көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіп-қатердің алдын алуға және өңірдегі елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Соңғы жаңалықтар
Елімізде папиллома вирусына қарсы екпе егу басталады
Медицина • Бүгін, 10:19
Атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алады
Білім • Бүгін, 10:03
Сабалақ елді мекеніне көгілдір отын қосылды
Инфрақұрылым • Бүгін, 09:55
Софиядағы бокс бәсекесі: Қазақстанның 15 былғары қолғап шебері рингке көтерілді
Бокс • Бүгін, 09:48
Тұман, көктайғақ, жел: 25 ақпанда ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:43
Президент Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:32
Алматыда тау курорттары альянсының III фестивалі басталды
Алматы • Бүгін, 09:30
Халықаралық сарапшылар Алматының тау туризмін дамытуға қолдау білдірді
Туризм • Бүгін, 09:26
Сербия Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 09:15
Қаржы • Бүгін, 09:10
Елдік мүдде мен іргелі қағидаттар негізі
Саясат • Бүгін, 09:00
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Саясат • Бүгін, 08:55
Зергерлік бизнес жайын зерделесек...
Бизнес • Бүгін, 08:50
Қоғам • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:40