Солтүстік өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі Қазгиромет

14.10.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Синоптиктердің болжамына сәйкес, түнгі және таңертеңгі уақыттарда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Абай облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Абай облысында синоптиктер болжамы бойынша жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батыста, облыстың орталығында тұман. Солтүстік жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6 -8, күндіз +1 +3 градус.

Ақмола облысында жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде -6 -8 аяз, күндіз +1+3 градус жылы.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +8+10, күндіз +16+18 градус жылы.

Алматы облысында түнде таулы аудандарда аздаған жауын-шашын, тұман болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +5+7, күндіз +15+17 грдаус жылы.

Атырау облысында түнде жаңбыр жауады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +10+12, облыстың батысында 7, күндіз +20+22 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысында шығыста аздаған қар жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз +1+3 градус жылы.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман болады. Ауа температурасы түнде +3+5 жылы, күндіз +19+21 градус жылы.

Жетісу облысында таулы аудандарда түнде жауын-шашын, күндіз жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде +5+7 градус, күндіз +15+17 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауады, өңірдің солтүстік, шығыс және орталығында жаңбыр болады. Ауа температурасы түнде +9+11, облыстың оңтүстігінде 15, күндіз +14+16 градус жылы.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +4+6градус.

Қостанай облысында түнде батыста және солтүстік-батыста жауын-шашын болады. Ауа температурасы түнде 0-2 аяз, күндіз +8+10 жылы.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Күндіз солтүстікте, облыстың орталығында шаңды дауыл болады. Ауа температурасы түнде +7+9, күндіз +22+24 жылы.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +13+15, күндіз +18+20 жылы.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде -11-13 аяз, күндіз 0 - 2 жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында синоптиктердің болжамы бойынша жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз +1+3 жылы.

Астанада күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -7 -9°C, күндіз +2+ 4°C.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел екпіні 3-8 м/с. Түнде температура +5 +7°C, күндіз + 15+17°C.

Шымкентте жауын-шашынсыз, жел екпіні 15-20 м/с дейін. Түнде ауа температурасы +7 + 9°C, күндіз + 24 +26°C.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью