Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу зауыты салынады

07.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Үкімет Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасында Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша инвестициялар туралы келісімге келді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: spbsmk.ru

Жалпы құны 70 млрд теңге болатын жоба 2026-2028 жылдары іске асырылады. Зауыт іске қосылса кемінде 160 тұрақты жұмыс орнын құруға, ел ішінде ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім өндірісін арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Зауытта жылына шамамен 600 текше метр ағаш-жаңқалы плиталар (ДСП) және 20 млн шаршы метр ламинацияланған ағаш-жаңқалы плиталар (ЛДСП) өндіру жоспарланған.

Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды

Келісім қазақстандық өндірушілердің тауарларын, шикізатын, жұмыстары мен қызметтерін міндетті түрде пайдалануды көздейді. Инвестор дайын өнімнің кемінде 50%-ын ішкі нарыққа бағыттауға міндеттеледі. Кәсіпорын жобалық қуаттың 80%-ына шыққаннан кейін отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін жетеді.

Алматыда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

Өңірді әлеуметтік қолдау бойынша міндеттемелер де бекітілген. Сондай-ақ инвестор жұмыскерлерді үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге міндеттеледі.
Жобаны іске асыру ағаш өңдеу саласының дамуына, жергілікті мазмұнды арттыруға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібінің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Жасанды интеллект зауыттардағы ақауларды қалай болжайды?

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:15

Мәдениеттер тоғысындағы «Forte trio»

Өнер • Бүгін, 09:13

Сарқылмас ойдың кені

Қоғам • Бүгін, 09:10

Ырыздықты молайтуға ұмтылыс

Шаруашылық • Бүгін, 09:07

Саяхат табысын еселеуге не кедергі?

Туризм • Бүгін, 09:05

Өрт сөндіру техникасымен толықты

Аймақтар • Бүгін, 09:02

Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді

Көрме • Бүгін, 09:00

Көктем шуағын еселеген саябақ

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан

Туризм • Бүгін, 08:55

Әмбебап медиаменеджер

Руханият • Бүгін, 08:53

Әдеби сынның бәсі қандай?

Әдебиет • Бүгін, 08:50

Оқитын ұлттың ойы озық

Пікір • Бүгін, 08:48

Шикізаттан композитті өнімге дейін...

Ғылым • Бүгін, 08:45

Сахна тынысы сарапталды

Театр • Бүгін, 08:43

Жаңарған музей – жаңғырған тарих

Мәдениет • Бүгін, 08:40

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью