Солтүстік Қазақстан облысында медицина қызметкеріне күш көрсеткен тұрғын сотталды

23.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Pixabay

Сот материалдарына сәйкес, биыл 23 маусымда сағат 12:00 шамасында Ұзынжар ауылының маңында мас күйінде жүрген сотталушы Н. өзінің кәсіби міндетін атқарып жүрген медицина қызметкері А.-ға қасақана зорлық-зомбылық көрсеткен.

Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты

Н. жәбірленушінің оң жақ сирағынан, ішінен тепкілеп, қос білегінен қысып ұстап, дене жарақаты мен физикалық ауырсыну келтірген. Осылайша, дәрігердің қызметтік міндетін орындауына кедергі жасаған. Азаматтың бұл заңсыз әрекеттерін оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері тоқтатты.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, жиналған дәлелдемелермен және Н.-ның өз айыбын толық мойындаған жауаптарымен расталды.

Сот үкімімен Н. Қылмыстық кодекстің 380-3-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды.

«12 жылға дейін қамау»: Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға жаза бекітілді

Жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамға төндірген қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Ақтөбе қаласында өзіне көмектесуге келген жедел жәрдем қызметкерін мас күйінде тепкен 37 жастағы ер адам темір торға қамалғаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью