Солтүстік Қазақстан облысында заманауи өрт сөндіру бөлімі пайдалануға берілді

20.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: ТЖМ

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы, ардагерлер және ауыл тұрғындары қатысты.

Қазақстандағы балалар лагерлерінде 756 өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған

Жаңғыртылған бөлім Смирново ауылы мен Аққайың ауданындағы 28 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл аумақта 17 мыңнан астам тұрғын тұрады.

«Соңғы жылдары он беске жуық өрт сөндіру депосын заманауи талаптарға сай жаңғырттық. Бүгін бұл жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында жалғасып жатыр. Біздің басты міндетіміз – құтқарушыларға лайықты еңбек жағдайын жасап, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Әрбір аудан орталығы мен ауылда заманауи өрт сөндіру депосы болуы тиіс», деді Төтенше жағдайлар министрі.

Іс-шара барысында министр бөлім қызметкерлеріне жаңа өрт сөндіру, инженерлік және мамандандырылған техниканың кілттерін табыстады. Жергілікті бюджет есебінен бөлімнің материалдық-техникалық базасы жаңа өрт сөндіру автоцистернасымен, ТРЭКОЛ қар-батпақ жүргішімен, вахталық автокөлікпен және жедел-құтқару автомобильдерімен толықтырылды.

Жыл соңына дейін 23 өрт сөндіру депосы салынады

Жаңғырту аясында ғимараттың бір бөлігі қайта салынып, заманауи ангар бой көтерді. Сонымен қатар газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, диспетчерлік пункт, демалыс және даярлық бөлмелері, сондай-ақ өрт сөндіру жабдықтарын сақтауға арналған арнайы аймақтар жабдықталды.

Бөлім аумағында қызметкерлерге арналған оқу-жаттығу мұнарасы, футбол алаңы, абаттандырылған демалыс аймағы салынған.

Еске сала кетейік, жуырда 65 мыңнан астам тұрғыны бар Талғар қаласында №17 өрт сөн­діру депосы ел игілігіне бе­рілген болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью