Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Фото: Polisia.kz
Заң бұзушылар былтыр шілде айында ұсталған. Тергеу барысында жиналған материалдар олардың интернет-алаяқтықтың 31 эпизодына қатысы барын анықтады.
Шетелде отырған алаяқтар ел тұрғындарына ұялы байланыс операторларының, банк қызметкерлерінің және басқа да ұйымдардың атынан хабарласқан. Олар әртүрлі сылтаумен азаматтарды SMS арқылы келген кодтарды айтуға көндірген.
Алматыда алаяқтардың құрығына ілінген зейнеткерлер 1,5 млрд теңгесінен айырылды
Одан кейін қылмыстық топтың басқа қатысушылары жәбірленушілерді олардың қаржыларына қауіп төніп тұр деп сендіріп, ірі көлемде несие рәсімдеткен және ақшаны «қауіпсіз шоттарға» аудартқан.
Бұл шоттар шын мәнінде дроптардың атына ашылған болған. Ақша сол шоттар арқылы шетелге шығарылып отырған. Ал осы дроптарды тауып, қылмыстық схемаға тартумен әрбір транзакциядан пайыз алып отырған 5 Солтүстік Қазақстан азаматы айналысқан.
Жалған басшы: ІІМ алаяқтықтың жаңа схемасы бойынша ескерту жасады
Бірқатар қылмысқа көмектескені үшін олар сот алдында жауап берді. Мамыр айында сот үкімімен айыпталушылар 2 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар сот жәбірленушілердің талаптарының бір бөлігін қанағаттандырды. Сотталғандар бірнеше эпизод бойынша келтірілген залалды өтеуге міндеттелді. Бір жағдайда залал 22 млн теңгеден асқан. Басқа талаптар азаматтық тәртіппен қаралуы мүмкін.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.