Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Солтүстік Қазақстан тұрғындарына қандай да бір байқауда балаға дауыс беруді табанды түрде ұсынатын алаяқтар шабуыл жасап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Сенгіш азаматтардың танымал мессенджерлері жаппай бұзылып, кейін олардың атынан туған-туыстары мен таныстарынан ақша сұралған.
Көбінесе WhatsApp пен Telegram желілерінде "Саша Савенкоға дауыс берші" деген мәтіндегі хабарламалар келеді, алайда аты-жөні кез келген есім болуы мүмкін. Мұндай хабарламалар қолданушылардың контактілерінде бар нөмірлерден жаудырылған.
Мәтінде баланың байқауға қатысып жатқаны және сілтеме арқылы өтіп, оған дауыс беру қажеттігі айтылады. Адам сілтемені басқан бойда, алдау механизмі іске қосылады. Мессенджер бұзылып, оның нақты иесі өз хат-хабарларын бақылай алмай қалады. Оның атынан туған-туыстары мен таныстарына шұғыл түрде ақшалай көмек сұраған хабарламалар таратылады.
Полицейлердің айтуынша, алаяқтар әдетте 10 мыңнан 80 мың теңгеге дейін ақша сұрайды және ұзақ хат жазыспайды. Бірнеше күн ішінде ресми түрде осындай 14 факт тіркелді. Полиция кибершабуылдан қорғанудың жалғыз жолы - мұндай хабарламаларды елемеу екенін айтады. Ал егер мессенджеріңіз бұзылған болса, оны қайта орнатып, қорғанысты күшейту қажет.
"Аккаунтқа кіріп, ондағы "екі сатылы тексеру" функциясын таңдау керек. Екі сатылы тексеруді ашып, батырманы қосасыз, сол жерде алты таңбалы пин-кодты енгізу қажет болады. Пин-кодты енгізгеннен кейін басқа адам сіздің аккаунтыңызға кіре алмайды", - деп түсіндірді СҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұратбек Аяғанов.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу