Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Республикалық маңызы бар "Петропавл – Көкшетау" автожолында Кременчуг ауылының маңында 5 көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 15 қазанда сағат 08:00 шамасында болған.
"Үш жеңіл автомобиль және "КамАЗ" маркалы екі жүк автомашинасы соқтығысқан. Апат салдарынан "Audi" жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды", - дейді полиция.
Осы көліктің жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған көлік құралдарының жүргізушілері зардап шеккен жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр.