Солтүстік Қазақстанда әкімдік бухгалтерлері 27 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

16.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Бұлақ және Заречный ауылдық округтері әкімдіктерінің бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Тергеу мәліметінше, олар бюджет қаражатын өз есепшотына заңсыз аударып, бухгалтерлік құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.

Соның салдарынан:

Бұлақ ауылдық округінде – 9,3 млн теңге;

Заречный ауылдық округінде – 17,8 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған.

"Сот бухгалтерлерді кінәлі деп танып, айыптау үкімін шығарды. Оларға пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар сотталғандар тиісінше 4 жыл және 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметке және материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды", – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью