Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 28 маусым-Sputnik. Қазақстандағы алғашқы цифрлық музей Солтүстік Қазақстан облысының Новоишимское ауылында ашылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Музей Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында орналасқан.
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиСолтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды
Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области
Бұл – заманауи цифрлық технологиялар мен өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын тоғыстырған бірегей жоба. Интерактивті экспозициялар, мультимедиялық шешімдер және жасанды интеллект мүмкіндіктері облыс тарихын жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді.
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиПервый цифровой сельский музей открыли на севере Казахстана
Первый цифровой сельский музей открыли на севере Казахстана
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области
"Біздің облыста цифрландыру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ауылдық елді мекендерде IT-орталықтар ашылды. Бұл ауыл оқушыларына бағдарламалау, робототехника және заманауи цифрлық технологияларды меңгеруде қаладағы құрдастарымен тең мүмкіндік беріп отыр, дейді өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов.
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиСолтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды
Солтүстік Қазақстанда алғашқы цифрлық музей ашылды
© Photo : Пресс-служба акима Северо-Казахстанской области
Айтуынша, бүгінде өңірде 10 аудандық және 3 ауылдық IT-орталық табысты жұмыс істеп тұр.
Цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жастардың білім мен технологияға қолжетімділігін кеңейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады, деді өңір басшысы.