Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Малое Белое ауылындағы құс фабрикасында жұмысшы өндірістік жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22 ақпанда "Адель құс" ЖШС-ның 38 жастағы қызметкерінің оң қолы жабдыққа қысылып қалған. Ол Петропавлдың көпсалалы қалалық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Еңбек қорғау ережесін бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Солтүстік Қазқстан облыстық полиция департаменті.