Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 6 қаңтар - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысында Ресейдің 46 азаматын эвакуациялады.
46 адамның біреуі бала. Олар автобуспен Есіл ауданында блок-постта қалып қойған. Құтқарушылар мен полицейлер барлық жолаушыны жылыту пунктіне орналастырды. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, дейді ТЖМ.
Бұған дейін Қостанай облысындағы "Алматы – Екатеринбург" республикалық маңызы бар автожолының жабық учаскесінде құтқарушылар бес адамды эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізді, олардың екеуі - балалар.
Осы аймақта жеті жолаушысы бар қоғамдық көлік жол шетіндегі жырадан шығарылды.
ТЖМ ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге шықпауды ескертті.