Солтүстік Қазақстанда су кәсіпорны мемлекет меншігіне берілді

13.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаево қаласында "Булаев су" ЖШС үлесінің 51%-ы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Мағжан Жұмабаев ауданының прокуратурасы 2017 жылғы электрондық аукционның нәтижелерін және "Булаев су" ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану туралы талап қойды.

"AUHAL" ЖШС-нің "Булаев су" ЖШС-дегі 51% үлесті сатып алғаннан кейін кәсіпорынның жұмысына іс жүзінде қатыспаған, су құбыры желілерін күтіп-ұстау және дамытуға қаражат салмаған. Бұл ретте оларды күтіп-ұстау және апаттық-қалпына келтіру шығындарын Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған", - дейді прокуратурада.

Салдарынан Булаево қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін кәсіпорын күрделі қаржылық жағдайға тап болған.

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2026 жылғы 21 шілдедегі шешімімен аудан прокурорының талап арызы қанағаттандырылды. 2017 жылғы электрондық аукцион нәтижелері және "Булаев су" ЖШС жарғылық капиталындағы 51% үлесті сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылды.

Нәтижесінде Булаево қаласының тұрғындарын сумен қамтамасыз ететін мүлік мемлекетке қайтарылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью