Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Оқиға 8 ақпан күні Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мамлютка-Қостанай» тас жолында болды. Соқтығыс салдарынан Audi жүргізушісі қайтыс болды. Қазір апаттың мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жол және ауа райы жағдайын ескеріп, көліктерінің қалыпты жағдайда болуын қадағалау керектігін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін Жезқазған — Петропавл автожолында болған жол апатынан екі адам қаза тапты.