Солтүстік Қазақстанда жол апатынан 4 адам көз жұмды

08.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. "Астана – Петропавл" автожолында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.

Қайғылы оқиға 8 қаңтарда болды. "Toyota Camry" және "Shacman" автокөліктері соқтығысқан.

"Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тауып, қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша "Toyota Camry" қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен", - дейді полиция.

Көлік рөлінде 24 жастағы жігіт болған. Қайтыс болған жолаушылар 64, 18 және 15 жаста болған.

Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью